Жиі қатынасып тұрды. ~ Ешкіні малданбайтын ауылдар, Шыңғысты еліктеген болып үй басы аздаған ешкіні Зейнеп үшін өсіреді. Ұрғашы лақ сойып Зейнепке сыбаға әкелушілер ордадан ат ізін құрғатпайды. С.Мұқ. ~ Бірақ ел бойын кернеген ашу мен кек түн асқан сайын тасқындап, молайып келе жатқан, осы соңғы күндерде Қарақолдан ертенді-кеш онда әкеткен кісілері туралы хабар алып, жәрмеңке басындағылар туралы да үзбей, ат ізін құрғатпай біреуден біреу хабарланып, амандық, тыныштықтарын біліп тұрған-ды. М.Әу. ~ Осындай жамандардың зәбірі өткенде, бұл кешегі жақсы күндерін еске алатын: иә, ол күндердің несін айтасың! Ол күндерде бұнымен ақылдасам деп ат ізін құрғатпай ағылып келіп жататын ию-қию кісіден есік алды құр болмайтын… Ә.Нұрп.
