Posted in

АТ ІЗІН САЛМАДЫ

Араласпады, көрінбей кетті, көптен кіріп-шықпады да. ~ Мырза мен Өтеу іргеде отырса да кемпір-шалға ат – ізін сала бермейді. Қ.Ысқ. ~ Ұрлығы шығып, айдағалы ат ізін салған кім бар екен ол үйге. Қ.Шаб. ~ Ол туыстарына екі- үш жылдан бері ат ізін салған жоқ- ты. З.Шүк. ~ Алты ай қыс айдалада қыстауға айдап тастап, жаз бойы ит арқасы қияндағы жайлауға машинамен апарып төгіп тастап, қайтып ат ізін салмайтын малшы дейтұғын жұрағаттың итке бергісіз өмірін кім ойлапты?! Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *