Хабарласты, қатынасты. ~ Солардың бір де біреуі, кеше Шыңғыстың басына күн туып, ордасын Керей, Уақтың қалың қолы шаппақ болып қамап алғанда, жауына қарсы сойыл соғысу түгіл ат ізін салуға да жараған жоқ. Енді оларды Шыңғыс қалай көрмек? С.Мұқ. ~ Шеберхана маңына онша көп ат ізін сала бермейтін әйелінің мына мінезіне таңданған Бағдан жұмысына қайта кірісті. C.Шай. ~ Осы жақын жердегі түйелі, жылқылы ауылдардан шұбат, қымыз ішеміз деп Әли бастаған бес-алты жігіт ат ізін салған-ды. Б.Тоғ.
