Posted in

АТА САҚАЛ (-Ы) АУЗЫНА ТҮСКЕНШЕ (ТҮССЕ ДЕ)

Біраз жасқа келгеніне қарамай. ~ Қасқақ батыр Жұманайға қарап, зiлдене сөйлеген: – Жұмеке, ата сақал аузыңызға түскенше сiзге ақыл кiрмейдi-ау! К.Сег. ~ Қатын алып, бала сүйiп, ата сақалы аузына түссе де, оның алыс-жақын ағайын iшiне пiкiр сақтайды-ау деген ой қаперiне де кiрiп шықпайды. Б.Алд. ~ Ата сақалы аузына түскен адам, жазушы деген дардай аты тағы бар. Соншама кәрін төккені несі?! Д.Рам. ~ Әр уақыт үйшікті кепкен қарағайдан жасау керек. Тер ағызып, азаптанып, арамтерге кеткен есіл еңбек-ай, – деп Метрей жиюлы тұрған жәшіктерді иегімен нұсқады. — Ата сақалың аузыңа түскенше соны білмей неғып жүрсің. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *