Ата-бабасынан жеткен жәдігерлік, көненің көзі. ~ Я, я, білетін болса рұқсат, тартсын балам, көпшілікке тартып берсін!-Екі шешесінің ең үлкені болып келетін Кәмиләнің да, атасының да алғашқы тілегін Серікбол, әрине жерге тастай алмайды ғой. Алыс жолдан шаршап келсе де, иба сақтап, өзі түрегеп барып атадан қалған қара қобызды қолына алды. Ғ.Біл.
~ Әлгі тергеушілерің не депті? Кейбіреулер сені орнынан алып тастайтын бопты, сол жақтан күзеліп қайтатын шығар деп айдарынан жел ескенде береке құтымыз қалмады ғой. — Е, алса алып тастар, атадан қалған жалғыз мұра Ақсудың лесхозы ма екен!.. Қ.Ысқ. ~ Кетіп бара жатып қалып бара жатқандарға айтыпты: «жаңбыр жауып тұр деп жылқыны жаңбырлы күні де суғармай қоймасын». Көрдің бе, інім, атадан қалған сол мұра-малсақтық бұл жерде де орнын тауып отыр. Б.Қыд.
