1.Жолға шықты; жорыққа аттанды. ~ Соны айтысып тұрғанда ішінде манағы қара мұрт жігіт бар, үш атты бүлкектетіп, қамшыны борбайға бір басып, қастарынан өте шықты. — Бозбалалар да жөнелді ғой, мен де атқа қонайын, — деп Имақан атын ерттей бастады. Қартқожа да байталына кетті. Ж.Айм.
~ Еркек кiндiктi Бөкеншi тегiс сойыл, найза, айбалта ұстап, атқа қонып, Сүгiр аулының үстiне үйiлдi. М.Әу. ~ Қарашекпендер аша, балталарын алып, Сыпатай аулына келеді де, дәл іргеде жатқан жылқыны айдап жөнеледі. Әрине, жылқышы жігітті өлімші етіп сабаған, Ауылдағы бас көтерер азамат тегіс атқа қонады. М.Мағ. ~ Тықы батыр шектінің билеріне тісін басып жүр еді. Қарақалпақ тік көтеріліп, атқа қонатын күн туса, қол бастайтын да сол Тықы болар. З.Шүк.
2. Билікке, лауазымға ие болды. ~ Содан кейiн орайын келтiрiп жиi кездесiп тұруға тырысатын. Жайдары, ашық мiнез. Бетiн қайтарып көрген емес. Бұл да буынға түсiп,
