Posted in

АТПАЛ АЗАМАТ (ЖІГІТ)

Ірі денелі, тепсе темір үзетін, кез-келген жауға төтеп беретіндей сенімді жігіт, ел қорғаны. ~ Дәл осы күннің түс кезінде Құнанбай жүз елудей атпал азаматқа ең жүйрік аттарды мінгізіп, қолдарына, тегіс сойылдарын тастатып, айбалта, найза бергізді. М.Әу. ~ Өз қайраттарына енді берік сенген атан жілік, атпал азамат Сәмен, Әбді, Мұқа үшеуі ожарланып, қатты ашумен түйіліп апты. Бұлар қатарынан ұмтыла атқып, есік сыртына шығып алды М.Әу. ~ Сом тұлғасымен көз сүріндіретін атпал жігіт өз күшіне сенетіндігінен болса керек, қол-аяғы байлаусыз Боранқұлды ымырт қараңғысында далаға алып шығып айдап жүрді де кетті. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *