Дем алдырды, тыным берді. ~ Алай асып, Қаратау басып, үш айрықтың бойына жетіп аттың белін суытады. Өзі де бел суытып жан шақырып алуды ойлайды. Д.Дос. ~ Ол үйден таң алдында аттанып, ақсора, теріскен, е бөлек, селеу, жүзген өскен шексіз–шетсіз шөл даламен суыт жүріп отырып, Жалғызбейітте аз ғана аялдап, аттың белін суытып, түс ауа ақ сары, қызғылт жасыл белдеулері сағым толқынымен теңселген Ақирек тауының етегіне жетті. Т.Әбд.
