Кеңесті, ақылдасты, пікір алысты. ~ Сол күнi Абай, екi жақтан үш-үштен, алты ғана кiсi шақырып алды. Бiраз әңгiмеде аужай
түйiстi. Абаймен бұл жолы кездескен Найман кiсiлерi Жұмақан, Барақ төре, Тәңiрбердi болатын. Керейден – Тойсары мен
Бегеш, Тышқанбай. Осы аз адамдардың сөзiне Абай Жиренше мен Оразбайды ерте келдi. Керей-найман адамдарына
Абайдың бұл жолғы сөзi бiр жайдан өтiлу. М.Әу. ~ Бұл сөзді Абайдың өзіне айтпаса да, “оның жақсы көрген баласы” деп
және “ендігі жастардың білгірі, есті-бастысы” деп Мағашқа салған. Өзара кісі жіберісіп, хабарласып алып, аужай түйісіп “е”
дескен ел Тобықты ішінде бұл жөнінде аз емес-ті. М.Әу.
