Posted in

АУЗЫ (АУЗЫНАН) АҚ КӨБІК (АТТЫ)

Лепірді; бұрқылдап, ашуланды, зәрін төкті. ~ Екі күннен соң милициясы бар, Құдабайы бар ат ойнатып келіп, ауылдың астан-кестеңін шығарды. Малдың жартысы ғана табылған. Құдабайдың аузы ақ көбік. – Мұны істеген қай иттің баласы? Қай иттің баласы сәтсәлізімге жаулық етті? – деп шабынады. Н.Дәу.
~ Білегімізді сыбанып, “кәне, қандай мықты болса да әуселесін көрелік!” деп арқамызды жын буып күркірегенде, қаңтарда жараған үлектей аузымыздан ақ көбік атқылайды. Т.Сәу. ~ Үшіншісі жүріп келе жатқан поездың дыбысын салып, арсы-гүрсі аузынан ақ көбік ағып ол тұрады. Яғни, «дед едет на дембель» деген сөз. – Көке әскерді бітіріп үйге келе жатыр! Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *