Бірдеңені айтуға дәті бармады, батылы жетпеді, жүрексінді.
~ Ақерке көзінің астымен ақырын ғана қарап еді. Елемегендей жұтып жіберді. Той өзінікі болған соң қыздардың көзінше бірдеме деуге аузы бармады. Ж.Шәк. ~ Хомичуктің орнында басқа кісі болса, комбат оны түтіп тастар еді. “Жаныңды аламын, мотор үні түгіл, масаның ызыңын бес шақырым жерден еститін боласың” дер еді. Оған мұны айтуға аузы бармады. М.Кәр.
