Ынтымағы, ауыз бірлігі жоқ. ~ Тарбағатайдағы құрылтай, әрине, мұншалық темірдей тәртіпті тек ағайынның ауызы ала болмай тыныштықта, ынтымақта отырасың, бөтен біреулер қол сұға қалса, қапымыз кетіп жүрмесін деп орнатқан жоқ. Ә.Кек. ~ Кімнен таяқ жегендей Біздің қазақ баласы. Быт-шыт болып жүргені – Ауызының аласы. І.Ес. ~ Ең болмаса, жыл сайын ауызы ала қазақты алдына бір жиып, басын түгендеп алуға да құлқы соға қоймады. Әркім білгенін істеп, бет-бетіне жүр. Ә.Кек. ~ Баққұмарлық жүрген жерде бауырмалдық жүруші ме еді! Бауырмалдық жоқ жерде ағайынның ауызы, әрине, ала болады. Ауызы ала елдің талабы өрге басатын ба еді?! Ә.Кек.
