Қыстан аман шығып, мал төлдеп, сүт молайған уақытқа жетті деген мағынада. ~ Бала-шағаның аузын аққа тигiзiп отырған екi сиырдың бiрi қысыр қалыпты. Т.Сәу. ~ Тегі биыл ел қатты тарығып, тіпті аштыққа ұшырауы ғажап емес. Наурызда малдың аузы көкке, елдің аузы аққа тиіп ілініп кететін қазақ жұртының мал сүмесі болмаса, ертең жұтқа ұшырамағанда несі қалсын. С.Жүн. ~ Шағын ауылға бір бөлдірке балық біразға жетті. Жер аяғы кеңіп, мал төлдеп, адам аузы аққа ілікті. Осылайша, шағын ауылды аштан алып қалды. М.Әбд.
