Аузы ашылып, аң-таң болды; алданып қалды. ~ Өмірі мұндай қораға кіріп көрмеген Ұлтарақтың көзі бажырайып, аузы аңқиып қалды. Толып жатқан есіктің қайсысына кірерін білмей, аңырып тұрғанда, бір есіктен оңтайлы аттай даяршы жігіт шыға келіп, сәлем беріп, қонақ үйге бастады. Ж.Айм. ~ Ерғазы ма? Ол бір ашық ауыз ғой. Алматыда қолына ұстатқан мынадай қыздан аузы аңқайып, айырылып қалған одан не сұрайсың. Жүр ауылда әлі күнге дейін әйел ала алмай. Ә.Нұрш. ~ Не дұрыс, не дұрыс емес – жоғарының бұйрығын талқылауға правом жоқ. Сіздерге айтуға маған бұйырылған, бұдан былай естеріңізде болсын: ол зират жойылуға жатады. – Ана-Бейіт пе?– деп Ұзынтұра Еділбай аузы аңқайып қалды. Ш.Айт.
