1. Ораза ұстады. ~ Күні ұзын бұралып аш жүрген ауыл қанша сақ боламын десе де ауыз ашарға келгенде малдан кері тамаққа жуығырақ болады. Аузы беріктің барлығы да аяққа бас қояды. І.Жан.
2. Сөзге сараң, сыр сақтай біледі. ~ Ел ішінде үкіметтің жалдамалы тыңшылары болады дейді ғой, тәте. Жаңағы кісі нағып келе береді? Сөз аңдып жүрмесін? – деді Қымбат. – Оның қолынан ондай жұмыс келмейді. Заң орындарына да аузы берік адам керек. Өтеген сияқты көмекейінен ішкі өлкесі түгел көрініп тұратын жандарға есі бар қытай құпия міндет бермейді ғой. Т.Рыс. ~ Оспан Қанипаның аузы беріктігіне, ұстамдылығына кәміл сеніп, әйтеуір, түбінде білмей қоймайды ғой, осы бастан құлағы қана берсін деп, осы қиын іс жайынан хабар бергені болмаса, Қанипа дәл осындай батыл әрекетке бара қояр деп ойламаған. С.Ом.
