Posted in

АУЗЫ-АУЗЫНА ЖҰҚПАДЫ (ТИМЕДІ)

Дамылсыз, жылдам сөйлей берді. ~ Жылтырдың білмейтін хабары, естімейтін өсегі жоқ, ағып тұрған сөз екен, аузы аузына жұқпайды. Ж.Айм. ~ «Кәні, кім айтады?»-деп сұраса, сұқ саусағын қотыр шыбыштың құйрығындай шошайта қоймақ. Аузы-аузына жұқпай сумаңдай жөнелмек. Ә.Кек. ~ Жеңеше, жеңеше, тұра тұр,- деп аузы-аузына жұқпай сөйлеген Құлмақ жиі кіріп-шығып жүрген Қадишаны тоқтатып алды… С.Жүн. ~ Атақты сайқымазақ, қу тілді адам ғой. Аузы аузына жұқпайды. Бұлар бірдеңе сұрағанша, жауап беріп үлгереді. Т.Әбд.~ Көкейіндегі көп шердің тасқыны ағытылмай, айтары көкірегінде тұншығатын. Орысшаға келгенде аузы- аузына тимей, сарнай жөнеледі. Т.Рыс. ~ Жанындағы сүрмелi қалың қастарын секiрте тастап, барлық саудагерлердiң әдетiнше ауыз- ауыздарына жұқпай, жыпылдап сөйлейтiн қос келiншекпен қызбалана әңгiмелесiп, жайраңдай күлiп қояды. Ж.Шағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *