Posted in

АУЗЫН ЖИҒАНША (ЖИЫП АЛҒАНША) БОЛМАДЫ (БОЛҒАН ЖОҚ)

Ә дегенше; сөзін бітіртпей; ілезде. ~ Шешем қолына пышақ алып, аң союға ыңғайланса, әкем қасқа: «Ал, енді, бұл қолын кеседі» — деп күлетін. Айтқандай, әкем аузын жиғанша: «Өй, жау шапқыр, жалаңдап тұр екен ғой. Қолымды кесіп кеткенін қарашы. Шүберек әперші, Риал» — деп отыратын. Ү.Жлк. ~ Осы тегін шөмеле емес! – деп айтып аузын жиып алғанша болмады, елдің көзі оның сөзінің жаны барлығына бірден жетті… К.Хам. ~ Балта айтып аузын жиғанша болған жоқ, шойқараның қасындағы Уайс аталған серейген арыры жұдырығын құлақшекеден сарт еткізді. С.Смат. ~ Ол да арыстан айға шауып мерт болыптының кебін киіп жүр, – деп аузын жиғанша болмады, болыс үйіне ұры итше жылмаң етіп песір Караганов кірді. С.Жүн. ~ … мұңая қалған Байбосын аузын жиғанша болған жоқ, терезе түбінен бірдеме дүңгір ете қалды да, әлдекім сырттан сарнап қоя берді. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *