Дыбыс шығармады, үндемеді, мелшиіп қалды. ~ «Сен бұқтың – жаттың, мен бұқтым – жаттым, ол бұқты – жатты…» Сонда не болды? Аузын буған өгіздей жүре береміз бе? Г.Бел. ~ Қодарды көрсетермін сендерге! — Сматай сөйлеген соң тыйылды ма, әлде жаңағы жұлқыста іштерінен ышқысы шығып, арыны басылып қалған ба, әйтеуір енді ешкім желігіп, желпеңдемеді, бәрі аузын буған өгіздей үнсіз қалды. Б.Қыд. ~ Енді содан бұның қасында бозбала Соппек қана бар. Оның өзі аузын буған өгіздей боп отыр. Т.Әл. ~ Былайғы бұратана ағайын, қарапайым қара халық аузын буған өгіздей. Ал, ат үстіндегі бастық атаулының басы ноқталы, бірімен бірі алакөз. Ә.Асқ. ~ Қанша қиыншылық болса да, әйтеуір тыныштықтан айырмасын деп, аузын буған өгіздей отыра береді. Соған ішім удай ашиды. М.Рам.
