Posted in

АУЗЫНА ҚҰДАЙ САЛДЫ

Тектен тек айтылған сөз емес, ерекше мәні бар д.м. ~ Бойбермес. Уа, мен Бойбермес! Әлде аузына құдай салды ма екен Бибіштің – Жүзтайлақтың, сені бөрі қып, бізді Бөрібасар қып?
М.Әу. ~ Қазақ баланы «періште» дейді, баланың аузынан жақсы сөз шықса, оны аузына «құдай салды» деп қуанады, сәбидің тілегі қабыл болатынына ешкім шек келтірмейді. Т.Ахт. ~ Дәмеш. Әйтеуір апамның айтқан сөзі күннен-күнге болып келеді
ғой. Аузына құдай салды ма, немене? «Әй дер әже, қой дер қожа жоқ, бәріде жетімдікті көрсетер» (жылап) деп еді ғой. М.Әу. ~ Өмірімде алғаш рет оқыс қатты тіксініп, қатты ойланып қалдым. Бала періште. Бұлардың аузына құдай салып тұрған шығар дедім. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *