Біреудің сөзін сөйледі, айнытпай қайталады. ~ Пәруатшікке арызын айтқан болып еді, ол құрғыр да аузына түкіріп қойғандай, болысыңа бар деп, қайта берді. Нашандікке жолықтырмады. Ж.Айм. ~ Ана жақта бұның жағасына жармасқан жаулар мына жаманның да аузына түкіріп қойғаннан сау ма? Обай-ау, бұның да дәл соларша сөйлеуін көрдің бе? Ә.Нұрп. ~ Тапқырлығына жұрттан бұрын өзі ырза боп кеңк-кеңк күлді де, сөйлеп кетті: бұл да әлгі түймекөз аузына түкіріп кеткендей біссімелләсін “ағайындар-ау”-дан бастады; сосын дәл ана түймекөздің айтқанын аудармай қайталап … Ә.Нұрп.
