Қызыл тілі шешен, сөзуар, ділмар. ~ Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, арыстан жүректі айнымас батырларды да, әлемнен озған алаяқ, аузынан бал тамған шешен билерді де жерошақтай жер қазып, үңірейтіп бауырыңа көміп жатсаң да, бақайыңнан келмей, түк көрмегендей- aқ мыңқиып тұра бересің- ау! Шәк. ~ Майраның атын әнінен есіткені болмаса, оның кім екеніне үңіле қараған да ешкім болмаған. Олай болуының себебі… таңдайынан бал тамған талай ақын, көмейінен ән гүлі төгілген талай бұлбұл екі ауылдың арасынан шыға алмай булықты. С.Бег. ~ Арам ойын көрдің бе өзінің? Тілінен бал тамған неме, сөйлегенде ақсақ екенін де ұмыттырып жібереді. Торғын да ұмытып кетіп жүрсе… К.Қаз.
