Posted in

АУЗЫНАН ДҮР ШАШЫЛДЫ

Сөйлеген сөзі, күлкісі тәнті қылды. ~ Шекер «Сырдың суын жұлығынан келтірмей» жүрсе де, енді ойланбасқа болмады. Күнікей 14-ке келіп қалды. Енді Күнікей небір қыздарды да отыртып кетеді. Сөйлесе – түбін түсіреді, он қолынан өнері төгіледі, күлсе – аузынан дүр шашылады. Əн шырқаса – сүйегіңді шымырлатады. Шекердің өзі соққан еді ғой ана кезде. Сөйткен қызға сенім бар ма? Кім біледі… Ж.Айм. ~ Бәдіғұлжамал нұры толып көңілі ашылды, Қайғысы шаһзаданың һәм басылды. Кілтін қазынаның ашқандай-ақ, Қызыл қан лағыл диуан дүр шашылды.
Дүниенің қызығы бар, міне, осындай, Жалғанда кім кетеді бір тосылмай. “Сейпілмәлік”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *