Үнемі әңгіме қып отырады, есінен шығармайды; мақтан тұтады. ~ Сөзінің көбі Имаш сияқтыларға түсініксіз: «ұлт қамы» «ұлт пайдасы» деген сөздерді аузынан тастамайды. «Қазақ ұлты бірлесіп іс істесе ғана сыбағасын ала алады» – деп үгіт жүргізеді. Әсіресе, соңғы бір-екі жылдан бері «бостандық-теңдік» деген сөздерді аузынан тастамайтын еді. Б.Май. ~ Шіркін, келін болса, Зейнептей болсын! – Ханша аузынан тастамайтын еді мұны, үнемі мақтай беретін еді, «Шыңғысқа еріксіз алдырды», десіп еді, үмітін ақтады! – десті. С.Мұқ. ~ Маржан. Баратын жер таба алмай отыр ма: жас келіншектер, бойжеткен қыздар бар. Сылқым шешейдің қызы осы молданы мақтап, аузынан тастамай-ақ отырады ғой. Б.Май.
