Айнымай тартқан; құйып қойғандай. ~ Ал Айтолқынға ондай кінә қойылмайды, өйткені одан туған бес ұл, екі қыз бәрі де Өрденнің аузынан түсіп қалғандай, бәрі де үріп ауызға салғандай. Ең болмаса біреу-екеуі Айтолқынға да тартпапты. Б.Қыд. ~ Сен – Асхатымның аузынан түскендейсің, құйып қойған өзісің. Т.Сәу. ~ Тіфә-тіфә, жаман бала екен! Түріңнен айналайын сол, аумаған атасы ғой, танауы тәмпиіп аузынан түсіп қалғандай. Т.Сәу. ~ Бауырын жарып шыққан бала, о, тоба, бұнан гөрі кәрі қақсалдың аузынан түсе қалғандай. Ә.Нұрп. ~ Мырзалының шолақ ақ тон киген жалпақ бет, бұ жатыр дегенді қой, ұрыс дегенде ауылдың қатындарына дес беріп көрмеген шешесінің аузынан түсе қалғандай таңқы танау, жайын ауыз қара баласы екпіндей келіп … М.Қан.
