Біреудің айтқан сөзі ұнағанда айтылатын алғыс, тілек. ~ Айтқаның келсін, аузыңа ақ май, жазған – ау, соның рас болса, маған бір көсеу соғып берші, көсеуі құрғырды әлгі Кенжегүл кемпірдің кебенек келгір шыбышын ұрам деп сындырып алдым. Қ.Ыс. ~ Осыдан Өсер келсін, үйге қарамай, бала тауып отыра берем. Есіңізден танып, түнімен бала тербетіп, күнімен жаялық жудырмасақ па сізге, – деп келіні əзілдеп қойса: – Ой, айналайын аузыңа май. Менің күшім барда балаларыңды бақтырып пайдаланып қалмайсың ба? – деп мəз болады. С.Досж.
