Posted in

АУЗЫҢА ИЕ БОЛ!

Дымыңды шығарма, артық сөйлеме д.м. ~ Таныс бір әріптесім айтады: «Соғыстан кейінгі жылдары ағам маған қайта-қайта: «Сақ бол! Қорқақ бол! Аузыңа ие бол! Ешкімге сенбе!» деп ескертіп отырушы еді, ақыры өзі итжеккеннен бір-ақ шықты. Г.Бел. ~ Әй, андағы астаудай аузыңа ие бол, өйтпесең, сол түрмеге тығып жіберермін! Ғ.Қаб. ~ Боранқұл оның мұндай мылжыңды кімнен естіп, кімнен ұққанын сұрамастан, қара тұмсықтан шырқ еткізіп жатқызып, орнынан тұрып жүріп кеткен-ді. Бұл оның Құдайбергенге ел бүлдірер аузыңа ие бол деген ескертуі еді. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *