Posted in

АУЫЗБЕН ОРАҚ ОРДЫ

Тілі мен жағына сүйенген мақтаншақ, бөспе адам туралы. ~ Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың. Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Абай. ~ Тоғызда барып, алтыда кайтатын қызмет те қоңылтақ көңілге жұбаныш әкелген жоқ. Ауызбен орақ орғанмен қолы қыбырламайтын, “табиғат құрыды, дүние тозды! ” — деп отырып, сол өсектен нан тауып жеп жүрген әріптестерінің қысыр әңгімесі жалықтырды. Қ.Ысқ.
~ Қылды қарауыл Көбен бас қосқан жерде көрінгенге тиісіп, аузымен орақ орып ұрынып отыратын ұшқалақтау еді. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *