Оқыстан, бүйірден шап берді. ~ Әли қайтар алдында әкеден қалған азын-аулақ малдың бір бөлегіне ие болып отырған немере ағасы Қайыптың жағдайын ойлады. Ол қазір орташаға жататындықтан, өкімет қаһарына іліне қойған жоқ. Бірақ мына беталысымен шолақ белсенділер аш бөрідей тиюі сөзсіз. Б.Тоғ. ~ Хе– хе– хе– хе, шіркін! Қазір күн батсын кішкене, аш бөрідей тиісерміз, бүйірден,– деп сақылдай күлді Әжібек, батырлар жырын оқығандай мақамдап. Діңкелеп шаршаған күн де ұясына барып қонды– ау ақыры. С.Мұр.
