Жемтік іздеп ен даланы кезді. ~ Мен де бір сен үшін ғана деп атқа ер салғалы отырмын. Баяғы түн қатып, түс қашып дегендей, аш бөрідей жортар жастықтың ауылынан адасып қалғалы қашан. К.Сег. ~ Талай бұзауын өлтіріп, талай қозысын арқалап кеткен табандағы ауылға тура соға алмай, қыр астынан сығалап, аулақта жортқан аш бөрідей бір күні боз атпен желге қарсы аяңдап Құныс келе жатты. Х.Ес. ~ “Беу қарағымды” енді ғана есіне алған Бекет Қылаңханның даусынан шошып оянғандай селк етті де “аш бөрідей жорта” алмай қалды. Қ.Ысқ. ~ Мыңжасар — тепсе темір үзетін қайраты бар адам. Жатыпішер жалқау да емес. Айлық жол Мұрынға, сонау Тарбағатайға жапа-жалғыз, аш бөрідей күндіз-түн жортып бару, арып-ашу, шаршап-шалдығу, қауіп-қатер кешу, мал алып қайту оңай демеңіз! Қалайда, ол еріншектің ісі емес. М.Әу.
