Бірінен бірі өткен сұғанақтық, тойымсыздық хақында. ~ Сондай бір есеп айырған күні: — “Аш иттің артын сұқ ит жалайды”
деп, менің қан кешіп, жын құшып жүріп тапқан жаман-жәутік тиыныма да сұқтарыңды қадапсың. Сендердің-ақ дегендерің
болсын. Бірақ осы табан ақы, маңдай терімнен жегендерің желкеңнен шықсын деп, айтқандарына көне бердім, – дейді.
М.Әу. ~ Ғасырға жуық ғұмырында сан төңкерілген заманалардың, бірін-бірі табалап, бірін-бірі күнәландырып, қынадай
қырылысқан жорықтардың қыры мен сыры жатыр жүрек сарайында. Барлығы да «аш иттің артын сұқ ит жалағанының»
кебі… Ғ.Біл.
