Posted in

АШ КӨЗ

Ашқарақтана, сұқтана қараған, тойымсыз (көз, адам). ~ Әрқайсысында бір пышақ сүйек ұстап, қазанды айнала еркектер ет жеп жатыр. Үлкендердің қолындағы сүйек жастарға,одан әйелдерге жағалайды (Үлкендер сүйекті ығынан асырып ұсынады), қолын қусырып Орынтай кемпір қазан басында отыр; иісі жақсы майлы жапырақ еттерді кісілер аузына апараған сайын Орынтайдың аш көзі ауыздарға бірге еріп барады: оның қолына мүжілген қу сүйек қана тиеді. Түкпірде Жұмабайдың жас тоқалы отыр. Жұмабай кедей: қатыны екеу– ақ. Ж.Айм. ~ Бұлардың бәрі Демежанға ақысы кеткен, еңбегі сіңген біреулер болса екен- ау, иесіз малдан қамтып қалуды, талап- бұлауды олжа көрген аш көз ағайындар. Сұрауы жоқ, иесі жоқ, тегін дүниенің ту- талақайын шығарып, әне- міне дегенше тып- типыл етті. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *