Тұла бойын ашу қысты; қатты ызаланды, ашуға булықты. ~ Атының тізгінінен қымтай ұстап, ішін ыза, ашу кернеген Ақан булыға күлімсіреп тұр. С.Жүн. ~ Парк ішіндегі алаң жап-жарық. Осы алаңда болып жатқан суреттен бойым дірілдеп кетті. Өн бойымды бір ашу кернеп, жүрегімді жалын шарпи жөнелгені. І.Ес. ~ Манадан бері Шаяқметті ашу кернеген сияқты болса, енді малдың аты аталған соң ашу әзірше екінші бір түкпірге жасырынып, оның орнын мал алды: Б.Май.
