~ Ал осы маңдағы біреудің есігіне жүрген күнде олар бірінші ақыға жарытпайды. Жігіттің жігіті айына серкеш табады. Киімге ескісін береді. Ашты-тоқты жүресің. І.Жанс. ~ Барнаулдан Алтайға қарай салынып жатқан – жол, жыныс ағаш, боз дала, бұталы дөңдердің ойып тегістеп, биігін бұзып жатқан жұмыста жігіттер ашты-тоқты істеп жатыр. І.Жанс. ~ Жеңіл жұмыс оған табыла қоймайды. Қылышын сүйреткен қыс мынау. Жаз болса, ашты-тоқты болса да пана тауып күн көрер еді. Қыс ішінде қайда сыяды? С.Мұқ. ~ Петруха колхоздан кейін ешбір жерге тұрақтай алмады, еш жерде жұмыс та істемеді, әйтеуір кездескен оны-мұныны істеп, тиын-тебен тапқан болады, сөйтіп шешесі екеуі ашты-тоқты селбесіп күн көріп жатты. В.Расп.
