Posted in

АЩЫ ЗАПЫРАН

Жанды күйдіретін, өзекті өртейтін өкініш, қайғы, ашу. ~ Бақса, әр сөзі жанының үні екен. Жан қиналса – улы тіл, шерлі күй, ащы запыран бірге сыңсып күңіренген қобыздың сарынындай ұзаққа дейін беу-беулеп, талып естіледі де тұрады. Жан жүдесе – зарға ұласады. Р.Мұқ. ~ Көзін тырнап ашқалы тек иен дала, қой соңында діңкелеп жүрген қамкөңіл шалдың көкірегін осыншама шер, ащы запыран жайлап жатқанына кім кінәлі?! Ж.Шағ. ~ Көкірегін кернеген ащы запыран шығар жол таппай бұлқынатыны бар. Мұндайда Демежан өзінің ақын болып тумағанына өкінеді. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *