Барынша тез жүрді, құстай ұшты. ~ Қуаныштан атой салған Жүсіптің жүрегі атша тулады:
«Сүйеді! Сүйеді! Сүймесе, неге сүйгізеді?» Аяғы жерге тимей көшенің басындағы үйіне
лездемде жетті. Б.Нұрж. ~ Арқан бойы жазылып, Тесіктің асты қазылып, Өтіп кетті лып
етіп, Жерге тимей аяғы, Асыл біздей жылт етіп, Ар жағында бір жерге Түсті барып дік етіп.
“Алпамыс б.” ~ Аяғым жерге тимей қанша ұшқаныммен Қуанышқан қусырып, жақындап
қалғандай көрінді. Қ.Шаб. ~ Ерік аяғы жерге тимей заулап отырып, жаңағы тұсқа қайта
келді. Б. Ыбыр.
