Құшақ жайып қарсы алды, қызмет қылды; құрметтеді.
~ Ауыл болып қонақты күтіп алуға аяғынан тік тұрды. Ә.Шәр. ~ …әйгілі Бесейдің қызы Қадиша төркіндеп бара жатыр деген хабар шыққан соң жолдағы ел аяғынан тік тұрып қарсы алды. В.Шал. ~ Тіпті, топырлап жүрген бала-шағасын да қонағының маңына жолатпай қуып тастап, жыландай сызған сарамжал сары бәйбішесі екеуі аяқтарынан тік тұрып қызмет етті. О.Сәр.
