Posted in

АЯҚ АЛЫП ЖҮРГІСІЗ (ЖҮРЕ АЛМАЙСЫҢ)

Шаш етектен, өте көп. ~ Ойын-күлкі, қызық, думан, өлең, айқай, ән, басқан сайын тау, орман, өзен, көпір, барақод. Қала, қала, қала… Қаладан аяқ алып жүре алсаңшы. Орыс қалай есе берген?!. Қайда сыйып жатқан!.. Ж.Айм.
~ Елде анархия күшейген. Ұрлық-зорлықтан аяқ алып жүргісіз. Қалың мал, көп қатын алу үдемесе бәсеңдеген жоқ. Параның жолы ашық. Ауылдық, уездік әкімдердің біразының қиянатынан аяқ алып жүргісіз. С.Мұқ. ~ Ауыл толған шайтан,– деді Қамза алғашқы үрейлі дауыспен. Тіпті бықып жүр–ау, бықып жүр, аяқ алып жүре алмайсың… Ал мұнда жоқ… Қ.Ысқ. ~ Жыл болғанда қандай – егін бітік шықты, мал семіз, жер шалғын, бай-саудагерлер де көңілді кеңге салып, құдайдың құтты күні бірін-бірі кезек-кезек қонаққа шақырып, той-думаннан аяқ алып жүре алмайсың. М.б.Т.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *