Қарқыны, жүріс ыңғайы, бастамасы. ~ … осы Майлықұм маңында жер шиырлап күріш егіп жүр. Шүкір, әзірге аяқ алысы жаман емес еді. О.Сәрс. ~ Қайрат Жұмағалиев 1964 жылы «Тұңғыш кітабымен» әдебиет табалдырығын аттады. Алғашқы аяқ алысынан жанашыр оқушы қауым зор үмітпен көз тікті. Ш.Сар. ~ Әдетте, бұның ізіне түскен жау екі– үш жал асып қуғаннан кейін тілі салақтап, қалып қоятын. Бүгінгі жаудың аяқ алысы бөлек. Ә деп қуғанда аралық отыз құлаштай еді. Содан әлі қашықтаған жоқ. С.Ел.
