Posted in

АЯҚ ТАРТТЫ

Қаймықты, жасқанды. ~ Сәуледен қорқамын ба, әлде ашуы мұрнының ұшында тұратын, сәл мүлт кетсең,
ала көзiн дөңгелетiп, сұқ саусағын шошайтатын нағашымнан аяқ тартамын ба, әйтеуiр қойдан жуас момақан
болып жүремiн. А.Мант. ~ Жанғаным өсегінің басты кейіпкері отыр- ау, әрі әріптесім ғой деп аяқ тартпады да: — Бүгін
біз естідік. Ертең ата- аналар естиді. Мектепте тәртіп басшыларынан бастап бұзылған дегенді естіп ауданнан комиссия
шығады,- деп желдіртіп барады. С.Досж. ~ Айғайлауға, тіпті, ашу үстінде әйеліне шапалақ жұмсауға да қақысы бар екенін
ол түсінетін, бірақ,бұл екі әрекеттің екеуі де қазіргі жағдайды жақсартуға көмегін тигізе алмасын, керісінше, іштей
арпалысты сыртқа шығарып, ашықтан-ашық жауласуға апарып соғарынан аяқ тартатын-ды. Д.Ис.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *