Дем алды, тыныстады. ~ «Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің» деген сөзді дәлелдегісі келгендей, міне, таң бозынан аяқ суытып, дамылдаған жоқ. О.Бөк. ~ Қайда барасың секектеп? Әнеу ағаш бірдеңеге құйрық басып, сәл аяқ суытып алайық. Басым айналып, дүние дөңгелеп бара жатыр,- дейді. М.Қаб. ~ Есебінен жаңылыпты. Қарағайлының төбесі де көрініп қалған екен. Қарағайлы көрінсе жолдың да қысқарғаны. Енді қашсаң құтыласың ба?.. Тағы бір бағаннан озып барып аяқ суытты. Қ.Ысқ.
