Posted in

ЛАП ЕТТІ

Бұрқ етіп жанды; лезде тұтанған оттай болып, қызарып кетті. ~ Содан соң қарамай, бензиннің иісін тарата лап еткен қара жалын қолымды, желкемді жалап жіберген сияқтанды. Ә.Нұрш. ~ – Қазақстан Республикасының газы –дүние жүзіндегі ең сапалы газ! Үрлеп қалсаң, лап ете түседі! Ғ.Қаб. ~ — Мен сені алғаш көргенде таң қалдым,— деп салды. Мұндайда небір қыздың қызы «Неге?» деп от тиген жұқа қағаздай лап ететін. М.Қаб. ~ — Онын несі жақсы? деді Зайкүл лап ете тез жауап беріп. – Уақытында ашыламын деп жүргенде суық соғып кетсе, солар да қалар ол гүл. Ә.Нұрш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *