Posted in

ЛӘЗЗАТ ТАПТЫ (АЛДЫ)

Рахат тапты; қанағат алды. ~ Ол уақытпен де, төңірегімен де есептесіп жатпайды. Кең жаны, шалқар көңілі соның өзінен ләззат тауып, ғажап бір іс тындырған сияқтанады. М.Сүн. ~ Сонымен бірге, сал-серілердің тағы бір қасиеті — ұшқыр ойы мен ашық жарқын мінезі, сыпайылығы және өмірге құштарлығы, әсемдіктен ләззат ала білуі. Н.Әбут. ~ Шам жарығынан көгілдірлене құбылып, ағаш бұтағындағылары жылт-жылт етеді. Сәл үнсіздіктен соң: — Айнаш, нанасың ба? Мен сені ылғи да қуантқым келеді. Сонан өзім ләззат алам,— деді Әділхан ақ түбіт орамалды, ат жақты қыздың жүзіне күлімдей қарал. М.Сүн. ~ Әрбір жастың сырынан, Нәзік айтқан әнінен Ләззат қана аламын. Ә.Тәж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *