Не амал бар. ~ Сол төрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе өкшелерін қадады. Қадап еді, ат пысқырды, ауыздығын қарш-қарш шайнап есілді. Есілді де екпіндетіп, үңгірдегі бір ауылға жетіп келді саусылдап. Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бүріктірді, елдің апшысын қуырды: “Ақ, сболыш! Тап атты!..” Мылтық қолда, қамшы жонда, ат таппасқа әдді не? Атты да алды, шідерді алды, жүген де алды, кілем, көрпе, қоржын, шалбар… бәрі кетті…«көр ішке». Ж.Айм.
