Posted in

ӘЗІР АСҚА ТІК ҚАСЫҚ

Еңбек етпей ішіп-жеуге машықтанған адам туралы. ~ Бүгінше «әзір асқа тік қасық» ол, Ертең-ақ егесе де ез бермегін. Ол үшін бәрі дайын – жатыр алда, Жер алда, даяшы алда, батыр алда. Ж.Мол. ~ Жалған нарядқа қол қой деймін. Жалған наряд сенің, менің бұл өмірге кеткен есемізді қайтарады. Әзір асқа тік қасық Рүстемнен есеміз сөйтіп қайтады. Ол жаман ба? М.Қаб. ~ Мен сендерден безгем жоқ, құлындарым! Тырнақтай пайдам тимеген соң, әзір асқа тік қасық болудан қаштым. Сөзі қисық, ісі қырсық, есуас әкені күнде көріп жандарың жараланғанша, осы жақсы емес пе!.. Т.Сәу. ~ Оны қойшы, ең аяғы көңіл көтеретін әзіл-күлкіні де тек жігіт жасауы керек. Көнсең осы, көнбесең жолың әне, ал ол әзір асқа тік қасық… М.Қаб.