Posted in

ӘЙ ДЕЙТІН ӘЖЕ (АЙ ДЕЙТІН АЖА), ҚОЙ ДЕЙТІН ҚОЖА (ЖОҚ)

Тәртіпке шақырар, жөнге салар ешкімі болмауы себепті бетімен кеткендік, шектен шыққан бассыздық туралы. ~ Жаман ойлы бұзық адамдар иесіз қалаға тиіп, неше түрлі талан-тараждар істесе, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ еді. С.Сей. ~ Бүгінгі әдебиет пен ғылымда балапан басына, тұрымтай тұсына тартатын келеңсіздіктер етек алды. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Ж.Шәк. ~ «Өзін өзі жарнамалап жүрген әкімге ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ қой», – дейді Қазақстан Парламентінің экс-депутаты. БАҚ