Ала алмай жүрген өшің бар ма д.м. ~ «Әкеңнің құны бар ма, атымды ұрлап, Жуан ит басынасың кімді қорлап, Семірген арамдықпен арам қарын, Сен менен ат аласын, қалай зорлап!» С.Мұқ. ~ Мәжікен бәрімізді оқты көзімен атып тұрған қалпында: − Нұртайда әкелеріңнің құны бар ма? – деді. С.Ом. ~ Сендер кімсіңдер өзі, әуелі соны айтыңдаршы?! – деймін іштен. – Кім екенінде не әкеңнің құны бар, аш есікті!.. С.Жүн. ~ Мені осынша кедей қылғандай не әкеңнің құны бар еді сенің, деп Тайман шалқасынан жатқан Мырқалды көк қарынның тұсынан тартып тартып жіберіп еді, ол қарнын сипалап ойбай сала атып түрегелді. Ә.Әб. ~ Маған мәшине бермейтін қай атаңның құны бар?! А, айтшы, қане?!. Б.Тоғ.
