Posted in

ӘКЕСІНІҢ ҚҰНЫ КЕТКЕНДЕЙ (ҚАЛҒАНДАЙ)

Өршелене, өшіге істелген іс, әрекет хақында. ~ – Әкелеріңнің құны кеткендей жүгірмесеңдер де болады ғой, қазан сынады десе де, болмайсыңдар ғой, – деп, үлкен бір қара тасқа қазанды періп кетіпті ғой. “Қ.Ерт.” ~ — Сүйменқұл, жетер! Доғар сөзді! Анау иттің үстіне су құйып жібер! Өлердей ішіп әкесінің құны кеткендей не көрінді екен! — деп Тұрған қайта ширады. С.См. Әй, мені ұрып өлтіру аз ғой, ұрып өлтіру! Жер түбіне кісі жұмсап нем бар еді, нем! Ол алқаш Алматыға
жетті де әкесінің құны кеткендей араққа құлады ғой! Ә.Тар. ~ Сайтан алғырдың майы ағып жатыр! — деп әкесінің құны кеткендей доңғалақты теуіп -теуіп жіберді. Қ.Ысқ. ~ Өзінің іңірдегі қылығы есіне түсті. Әкесінің құны қалғандай ішкені есіне түсті. С.См. ~ Өзінің іңірдегі қылығы есіне түсті. Әкесінің құны қалғандай ішкені есіне түсті. Ә.Тар. ~ Көзіне түскен ақ бурыл шашын жуан, кысқа саусақтарымен кейін қайырып қойып мұнда әкесінің құны қалғандай тепсініп тұр. С.Дос.