Әлдебір құбылыстың бүкіл бойын билеп алып, меңдеп, шыдатпай бара жатқаны туралы. ~ Ақ көгершін секіріп басына шықты. Төбе-құйқасы шымырлап қоя берді. Бірақ, мысқалдай да ауырлығы білінер емес. Тек қозғалған сайын тырнақтары батыңқырап, жыбырлатып әкетіп барады. Жанынан қиыс өтіп бара жатқан бір аққұба қыз бұған қарап мырс етіп күліп жіберді. Д.Рам. ~ Даланың әдемі қош иісі мұрнымды жарып, көңілімді өсіріп, жүрегімді тулатып әкетіп барады… М.Дәу. ~ Тұра сап Ақшоқының тауына қарай қаштым. Бір шилеуіт жерге жетіп бұғындым. Тірі екеніме әлі сенер-сенбеспін. Аңдып жатқан орыстар атып сала ма деп, жан-жағыма алақ-жұлақ қараймын. Тілім аузыма сыймай шөл әкетіп барады. Б.Нұр.
