Posted in

ӘЛДЕҚАНДАЙ ҚЫЛДЫ

Біреуді орынсыз мақтау, тым жоғары бағалау туралы. ~ Осы қыршаңқының өзін әлдеқандай қылмай ма? Не соғымға жоқ. Көкбақа немені,— деді тағы да жаңағы жіңішке, жарықшақ дауыс. М.Сүн. ~ Немене, соншама, жә-ә-ман бір құсты әлдеқандай қылатының, сенен басқа адам құс сала алмайды деппедің, көрейін қазір… С.Жүн. ~ Әй, осы итті жұрт неге “Көткеншек” деп әлдеқандай қылады? Ә.Нұрп. ~ «Залым» дейді ғой оны әлдеқандай қылып… ол ақымақ барып тұрған. Т.Ахт.