Әуре-сарсаңға түсті, әбігерленіп қалды. ~ Тылдан жау күтпеген немістер колоннаны екі жүз метр жақындағанда ғана танып, деревняға ыдырап кеткен азғана күштерін қапелімде жинастыра алмай әлек болды. Т.Ахт. ~ … сақалын салалап отырған Рәт суға түскен мысықтай пысқырынып, табан асты өздерімен өздері әлек болды да кетті. Д.Ис.
